П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебімізде 27.11.2023 күні эстетика және дене шынықтыру апталығының аясында оқушылардың қатысуымен “Бремен музыканттары” атты сахналық музыкалық қойылым өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді арттыру. Бірлікке, ұйымдастырушылыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.Қойылым ағайынды Гриммдер «Бремен музыканттары» атты ертегі желісімен қойылып, көрерменге қуаныш пен шаттық көңіл күй сыйлады. Сахна төрінде өнер көрсеткен 4, 8-9 сынып оқушылары танымал және ерекше сюжетті, бақытты финалмен аяқталатын, жақсылықтың зұлымдықты жеңетін ертегіні жоғары деңгейде көрсетті. Ұйымдастырушысы-музыка пәнінің мұғалімi Аблазизова Г.К