П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде 6-9 қыркүйек аралығына жоспарланған «Тіл - ұлттың жан дүниесі» атты тілдер апталығы өтуде. Бүгінгі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуандықова Гүлназияның ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты мәнерлеп оқу сайысы көрерменнің көңілінен шықты.
Мәнерлеп оқу сайысына әр сыныптың дүлдүлдері Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығынан өлеңдерін жатқа оқыды. Сайыста оза шауып, талантымен танылған 7 «А» сынып оқушысы Мұрат Нұрсая
І орынды иеленсе, 5 «А» сынып оқушысы Қалманова Інжу «Асыл туған-Ахмет» деген атаумен ақынға арнау арнап ІІ орынды жеңіп алып, тіл мәртебесінің тұғырын биікке көтерді. Мөлдір тұлға шығармашыл тұлғаға айналды. «Дән шашпай астық жинап тере алмайсың!» Осы тұста ұстаздың ерен еңбегінің арқасында шәкірттері игі жемісін берді. Кеш соңы әдемі тілектер мен марапаттауларға ұласты.