П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде қала күніне орай 12-16 қыркүйек аралығында «Сүйікті қалам-Қызылорда» тақырыбында апталығымыз басталды. 2022 жылдың 12 қыркүйегінде мектеп тәлімгері Жұмай Меруерт апталықтың ашылуына орай «Сүйікті қалам-Қызылорда» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта қаламыздың тарихына шолу жасап, Сыр өңірінде дүниеге келген тұлғалардың өмір жолына тоқталып өтті. Сонымен қатар Қызылорда қаласының көрнекті жерлерімен таныстырды.
Ашық сабақтың мақсаты: жас ұрпақтың туған жерді құрметтеп, өткен тарихымен танысуына ықпал жасау. Еліне, жеріне деген отансүйгіштік қаситетті дәріптеу. Сөз соңында барша оқушыларды қала күнін атап өтуге ат салысуға шақырды.