П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде үшінші мамыр күні «Жас Ұлан» патриоттық ұйым мүшелерінің қатысуымен «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді. Мектеп тәлімгері Жұмай Меруерт Оралбайқызының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық жарысқа Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің спорт секторының меңгерушісі Мұхамедияр Жазира Низамуддинқызы және Қалалық білім бөлімінің әдіскері Көпжасаров Қуандық мырза қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оны ойнау әдістерін үйрету.
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған эстафеталық жарыста оқушылар 3 топ болып сайысты. 5 кезеңнен тұратын эстафеталық ойынымыз тартысқа толы болып өтті. Жарыста оза шапқан топтар:
«Монолит» тобы– 1
«Сұңқар» тобы – 2
«Қыран» тобы – 3 иеленді.