Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеп, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектебінің
3 «А» және 1 «А» сыныптары 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай тәрбие сағаттарын өтті.Оқушылар әдеби монтаждар оқып,көріністер қойды.Тәрбие сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қатысып, барлық ер балаларға құттықтау хат табыстады.