П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Н.Қуандықова 7 "А" сыныбында "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: әдеби шығармадағы болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
Сабақ барысында "Wordwall" платформасы арқылы айтыс тақырыбы пысықталып, видеоролик арқылы жаңа сабақ түсіндірілді.
Сабақта жеке, топтық, жұптық тапсырмалар орындалды.
Сабақ жүйелі, қызықты өтті.