Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласы аясында 2023 жылдың 27 қаңтар күні П.Д.Осипенко атындағы N8 орта мектептің 9 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі бірлестігі "Мұхтар Әуезов: Қазақ қаһарманының өмірі мен ақын туралы ғұмырлық зерттеуі" тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Мұхтар Әуезовтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.
Іс-шара барысында ағылшын тілінде Абай Құнанбаевтың өлеңдері оқылып, көріністен қысқаша үзінді қойылды. Соңында көрермендер екі топқа бөлініп, Quiz платформасы арқылы бірнеше тапсырмалар орындалды.