Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Адамдық тәрбиенің баспалдағы кітапханадан бастау алады. Әсем ойлар мен қара сөзбен айшықталған туындылары оқырманын «мен мұндалап» шақырғандай. Білмекке құштар шәкірт рухани әлемді кітаппен дос болғанда ғана тани алады. Сол себепті, құндылықты бағалаған әрбір шығармашыл жас кітап оқыған сайын дүниетанымы кеңейеді.
2023 жылдың 23 сәуірі - әлем әдебиеті үшін «Халықаралық кітап» күні. Осы орайда, «Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі»,- деген Мұхтар Әуезов сөзі кітаптың рухани байлық екенін риясыз ұқтырған ұран іспетті!
«Кітап- ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына»,- деген еді Әлішер Науаи. Жігерді қайрақтай жанитын ұлы сөздердің қолдаушысы, П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің кітапханашысы Мусаева Анар Жалғасқызының ұйымдастыруымен «Білім- сарқылмайтын қазына тақырыбындағы» онкүндік іс-шарасы жоспарға сай өз мәресіне жетті.
1. « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу марафоны өткізілді.Жалпы бұл шара мектеп шәкірттерінің күнделікті тірлігіне айналғандай...
2. 5,6- сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасын қолдау көрініс тапты. «Отбасыммен кітап оқимын» тақырыбындағы отбасылық кітап оқу кезінде балалар ата-аналарымен оқыған кітаптары бойынша ой-пікірлерін бөлісті.Жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
3. 2 мамыр күні 8-сыныптар арасында Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Бай тәжірибесі бар кітапханашы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Махамбетова бірлесе жобалаған жұмыс қызу пікірталас алаңына айналды. «Өнер туындысы өнерді түсінетін қабілетті адамдарды тудырады. Оқушылардың көрікті ойлары мен тұщымды пікірлері кітап оқуға деген құштарлықтары мен қабілеттерін дәлелдей түсті. Кітап оқырмандарының талдамасынан күмән сейіліп,ұстаздардың келешегі кемел ұрпаққа деген сенімі арта түсті.
4. Ал 3 мамыр күні 3 «А» сынып оқушыларының арасында қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Б.Майлин мен Ы.Алтынсарин шығармашылығынан көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Нәтижесінде: І орынды ? иеленсе, ІІ, ІІІ орындарды 1 орын Серік Жанерке, 2 орын Әлібек Аяулым, 3 орынды Мұхамедияров Арсен қанжығасына байлады. Осы тұста ұстаздардың ерен еңбегі талантты шәкірттер арқылы игі жемісін берді. Кеш соңы әдемі тілектер мен марапаттауларға ұласты.
«Теректі өсіру үшін оның жапырағына су құймаймыз, тамырынан бастаймыз!» Кітапханашы А.Мусаеваның іскерлігі мен шәкірттердің сенімі – кейінгіге айтар әңгіменің ең құнды қазынасы болмақ! Осындай тәлімі мол шаралар көркем бейне,талғам,құндылықты бағалайтын әрбір шығармашыл жас ұрпақты биікке самғатып,парасатты тұлғаға айналдырары хақ!

#bilim_kzo

#mektep8