Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. "Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз" деп Жүсіп Баласағұн айтып өткендей, 2022 жылдың 8 қыркүйек күні П.Д Осипенко атындағы N8 орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ж.Нәби, А.Жиренбай 5-6 сынып оқушылары арасында "Spelling Bee" атты сыныптан тыс сайыс өткізді. Сайыс мақсаты: үштілді білім беру жүйесін қолдауға бағытталып, оқушыларды ағылшын тілін үйренуге ынталандыру. Сайыс "Spelling Bee", "Best Speller", "Who is the first?" атты үш кезеңнен тұрды. Нәтижесінде І орынды Құдайбергенов Дәулетжан, ІІ орынды Дүйсенғали Айымхан, ІІІ орынды Игісін Бахыт иемденіп, дипломдармен марапатталды.