Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі облыстық оқу орталығының 03.02.2023 жылғы №139 санды хатына сәйкес, 2023 жылдың 09 ақпан күні П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде құндылыққа негізделген «Ынтымақтастық түбі - игілік» тақырыбында 9 "А" , 7 "А", 6 "Б" және 5 "Б" сыныптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдық береке- бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру, өзара жағымды қарым қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету. Оқушыларды, ауызбіршілікке, татулыққа ,бірлікке, достыққа тәрбиелеу.