ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
үстіміздегі жылдың қарашаның 12 жұлдызында 2-7 сыныптар арасында "Зерде" ғылыми жоба қорғау сайысының қалалық кезіне мектебімізден 6 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушымыз жүзден жүйрік шығып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Атап айтсақ:
орынды 6 "Б" сынып оқушысы Сайыпназар Айсезім. Тарих, өлкетану бағыты бойынша, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Есенбаева Нұргүл.
Алғыс хат 5 "А" сынып оқушысы Мұратова Ұлжан. Бағыты: Туризм және спорт. Жетекшісі Акбар Жалғас.
Алғыс хат 7 "А" сынып оқушысы Бақытжанқызы Ақерке. Бағыты: Экология. Жетекшісі Жалбырова Гүлзат.
ЖАС Ғалымдарымызды шын жүректен құттықтап, білімнің биік шыңын бағындыра берулеріне тілектеспіз. Ал, жетекшілік еткен мұғалімдерімізге шығармашылық табыс тілейміз!