Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ұлы ұстаздардың кемелді мұраты таңдап алған жолымен табан аудармай, қажырлы еңбек ету болса, шәкірт мұраты - ұстаз ілімінің саясында көлеңкелеу! Қазақ топырағы қашанда дарындарға кенде болған емес. 2023 жылдың 26 мамыр күні шашасына шаң жұқтырмас дүлдүл шәкірттерді таныту үшін және уақыт керуенімен санаспай, алға жылжыған сайын білім ордасын білік - жігерімен жаңғырта білген ұстаз еңбегін бағалау үшін «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет...» атауымен марапат шеруі болып өтті. Бұл зерлі мадақ П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің төрін шадыман шаттыққа бөледі. Шара барысында дарабоз шәкірттердің ата-аналары да төр қонағы болып, жауҺар жүректеріне қуаныш сезімін ұялатты. Көкіректеріне ғылым мен білімнің шамын жаққан ұл-қыздарының еселі жеңістерімен етене танысты. Марапат иелері 2022 - 2023 оқу жылындағы түрлі шығармашылық байқаулар мен жобалар, жалпы және мамандандырылған олимпиада жеңімпаздары болды. Білімге талпынған табандылықтың арқасында 73 шәкірт ұлықталған ұстаздарымен бірге шеруге қатысып, марапат биігінде қошеметке бөленді. Ал білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берудегі зор қызметі үшін «Жыл үздігі - 2023» атағына физика пәнінің мұғалімі Жалбырова Гүлзат Тынышбекқызы иеленсе, «Үздік бірлестік - 2023» номинациясымен тарих бірлестігі марапатталды. Ұстаз мерейі үстем болып, мектеп мақтанышына айналған дарынды шәкірттер толағай табыспен нұрлансын