«Жаңа болашақ иесі –жас маман» жас мамандар апталығы 2023 жылдың 06-17 ақпан аралығында «П.Д.Осипенко» атындағы №8 орта мектепте «Жарқын болашақ иесі –жас маман» тақырыбында жас мамандар апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Жас маманның сабақ беру әдіс-тәсілін байқау, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу. Жас мамандар 2 топқа бөлініп, сайыс өткізді. 1-топ атауы «Сыр жастары» болса, 2-топ атауы «Мағжан жастары». Апталық 9-кезеңнен тұрды: 1-кезең топ атауы, таныстыру, эмблема, топ ұраны 2-кезең сұрақ-жауап сайысы 3-кезең екі топ арасында дебат 4,5- кезең ашық сабақтар 6-кезең сыныптан тыс іс-шара 7-кезең тәлімгерімен жұмыс 8-кезең ұлттық жоба қорғау 9-кезең жас мамандар арасында эссе жазу Сонымен қатар, аптаның соңғы күні марапаттау, қорытындылау кезеңі болды. Апталық барысында жас мамандар түрлі деңгейде ашық сабақтар, сыныптан іс-шаралар, көрініс, әр жас маман өз тәлімгерімен жұмыс көрсетті. Апталықты қорытындылау барысында екі топқа екі орын берілді. І орын иеленген «Сыр жастары» тобы алға шықты. ІІ орын иегерелері «Мағжан жастары» тобы. Жас мамандар бір-бірімен тығыз байланысты жұмыс атқарып тәжірибе алмасып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгерді. Өзінің ұшқыр ойымен, ең мықты ашық сабағымен алдыға озып шыққан ағылшын пәнінің мұғалімі Жиренбай Айгерімге қалалық жас мамандар сайысына жолдама берілді. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Есенбаева екі топты та марапаттап, кәсіподақ атынан сыйлық берілді. Мектебіміздің жас мамандар жетекшісі Г.Бекқадам және тәлімгер ұстаздар үйретері мен үйренері көп жас мамандардың ұстаздық жолына еңбекқорлық пен табандылық, сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде мол табыстарға жете беріңіздер деген тілекпен жас мамандар апталығын жабық деп жариялады.