Бүгін №8 мектеп базасында қазақтың әйгілі жазушысы, дарынды драматург, шебер аудармашы Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Ғ.Мүсірепов -- Әйел-Ананың тереңіне сүңги білген сөз зергері» тақырыбында «KAHOOT» платформасы арқылы қалалық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: қазақ руханиятынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында есімі аталатын Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларын ұлықтап, бүгінгі ұрпаққа дәріптеу.Сайыс ережесі 3 бөлімнен тұрды:
І бөлім. Бұл сөйлем қай әңгімеде?
(Сөйлемнің Ғ.Мүсіреповтің қай әңгімесінен алынғанын табу).
ІІ бөлім. « Кейіпкер тілі». Сөз қай кейіпкердің сөзі және қай әңгімеден алынған?
(Ғ.Мүсіреповтің әңгімесіндегі кейіпкер сөзін табу).
ІІІ бөлім. «Бұл ой қай әңгімеде?» (Ойдың қай әңгімеден екенін табу).
Қызылорда қаласының №1, 5, 6, 8, 9,23, 136, 211 мектептеріндегі 8-сыныптың оқушыларынан құрылған топ шаршы алаңда кездесіп, Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларын талдады. Жазушының рухани азық сыйлар туындылары шәкірттердің жанын шабыттандырып, санасына серпіліс ұялатты.
Өмір еңбексіз ештеңе бермейді. Нәтижесінде қорқыныш пен жасқануды білмейтін П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектептің 8-сынып оқушылары жүлделі І орынды жеңіп алды.Ұжым шәкірттерінің білімін үздіксіз көтеріп отыратын жетекшісі Демеуова Гүлхан Қасқырбайқызына кенен табыстар тілейді!
Сондай-ақ, сайыс қорытындысымен Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі
ІІ орынды қанжығасына байласа, ІІІ орындарды қаладағы №23, 211 мектептер иеленді.