"Жылу күннен, мейірім сіз бен бізден"
П.Д.Осипенко атындағы #8 орта мектебінде сәуір айының жиырма сегізі күні "Жылу күннен, мейірім сіз бен бізден" тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылар бірлікке, ынтымақтастыққа, мейірімділікке баулу. Науқас балаларға аз да болса қаржылай көмек көрсетіп, сауапты іске үлес қосу.
Жәрмеңке барысында оқушылар өздері дайындап әкелген түрлі тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкеден жиналған қаражатты науқас балалардың еміне аударып, қаржылай көмек көрсетілді.