№8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектебінде жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту,мақсатында 5 «А» сыныбында "Зиянды әдеттерден аулақ бол" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады.
Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып сынып жетекшісі Асылбекқызы Перизат оқушыларға денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болатынын оқушыларға түсіндірді.