ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ - 16 КҮН
Желтоқсан айының сегізінші жұлдызында П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы - 16 күн» атты республикалық акция аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты дөңгелек үстелге қалалық білім бөлімінің бала құқығын қорғау бөлімшесінің бас маманы Есдәулетов Нұрбек Көлбайұлы, қамқорлық-дағдарыс орталығының басшысы Тұсмағанбетов Жандос Бектайұлы, қамқорлық-дағдарыс орталығының психолог маманы Сералы Бақтыгүл және ата-аналар қатысты.
Мақсаты: ата - аналарға бала тәрбиесінде қолдау көрсету, отбасында болатын зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Жиын барысында келген мамандар ата - аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналармен диалог құрып, сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмаділда Карима Жанайдарқызы алдағы уақытта ата - аналармен тығыз байланыста болып, бала тәрбиелеу жолында бірге жұмыс жасауға шақырды.